Бопай ханым атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінде “JasVision” жобасы аясында студенттермен ақпараттық кездесу өтті.
Іс-шара барысында өзін-өзі басқару жүйесінің маңыздылығы мен оның студенттердің тұлғалық дамуына тигізетін әсері сөз болды. Жоба жастардың бастамаларын қолдауға, оқу орнын басқаруға белсенді қатысуға және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін платформа ретінде таныстырылды.
“JasVision” – жастардың пікірін ескеруге негізделген, заманауи әрі демократиялық форматтағы бастама. Кездесу студенттердің қызығушылығын тудырып, жаңа идеяларға серпін берді.
Тапсырыс беруші — Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы
Орындаушы — “Prof Contact” ҚБ