Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кітапханасында Оқуға құштар колледж тұжырымдамасы аясында “Кітап достарын іздейді” тақырыбында буккроссинг ұйымдастырылды. Буккроссингке арналып колледж кітапханасы жанына арнайы сөре қойылды. Сөреге колледж оқытушылары және білім алшуылары өздері оқып болған кітаптарды сол сөреге қойып кітапқа қызыққан адам кітаптарды алып оқып орынына өздері де кітап қалдырып отыруларына болады.
Мақсаты: Кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мәдениетін көтеру. Негізгі идеясы — өзара кітаптар алмасу. «Буккроссинг» қозғалысы кітап пен оқырман арасын жақындатады тиімді жолы ретінде өзінің қызықты оқыған кітабын балалар достарымен бөліседі. Келесі оқырман өздеріне ұнаған кітаптарға алмасып алады. Іс-шара барысында кітапханашы «Оқы және өзгеге ұсын» кітап көрмесі арқылы әрбір оқырман ұнаған кітабын таңдап, кейін досына, танысына, кітапсүйер оқырманға ұсынуға болатыны туралы жеткізілді. Сондай-ақ, ұсынылып отырған кітаптардың өздерінің оқыған кітаптарымен пікір алмасып, өзара алмасты. Әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары неміс жазушысы петр Хэртлин үлкендер мен қатар балалар үшін де тартып жүрген жазушының кітаптарын өзгелерге оқуға ұсынылды.