«Кітап – сарқылмас рухани қазына» әдеби кейс

07 қараша күні колледж кітапханасында «Қазына» жас оқырмандар клубының ұйымдастыруымен 105 «Мейіргер ісі», 108 «Емдеу ісі» топ студенттерінің қатысуымен «Кітап – сарқылмас рухани қазына» әдеби кейс өткізілді.        Іс-шараның мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының шығармаларын насихаттау. Кейс әдісіне 2025 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел болып оқуға ұсынылған, әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасын қалдырған жазушы  Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығына арналды.