Кітапхана – білім беру жүйесіндегі ақпарат орталығы

Бопай ханым жоғары колледж кітапханасының кітап қорын оқулықтар, оқу-әдістемелік, көркем әдебиет, мерзімді басылымдар және электронды оқулықтар құрайды. Кітапхана қоры колледж бағытына сәйкес толықтырылып отырады. Колледж кітапханасы – қашан да студент –жастар, оқытушылар үшін білім, мәдениет, ақпарат орталығы болып табылады. Еліміздің болашақ жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу және білімді жастарды дайындауда көмектесу, оларды салауатты өмір салтымен жүруге жол ашу, ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру кітапхананың басты міндеті.
Колледждің кітапханалық қорын қалыптастыру оқытушылар құрамы жасаған ұсыныстары негізінде және ҚР, РФ баспаларынан жыл бойы келіп түсетін Прайс-парақтарды арқылы жүргізіледі. Кітапхана «Эверо», «ГЕОТАР-НС», «РМЭБ», «Фолиант», «Арман ПВ», «Мектеп», «Бастау», «Ақнұр», «Қазақ университеті», «Феникс», «ЮРАЙТ» және т.б баспаларымен тығыз байланыста.
Колледж кітапханасында оқырмандарға жедел қызмет көрсету мақсатында «КАБИС» электронды бағдарламасы және «Заң» ДБ жұмыс істейді. Сонымен қатар кітапханада алфавиттік, жүйелік каталогтар бар, сонымен қатар кітапхана каталогтарының сапасын жақсарту үшін әр түрлі бөлімдер бойынша ӘОЖ жүйелендіріледі.

 

Оқуға құштар адам – табысты адам.

Білім алушыларды кітапты сүюге, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, білім алушылардың  кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу  мақсатында  Бопай ханым жоғары медициналық колледжі кітапханасының «Ковиркинг» орталығында «Оқуға құштар адам – табысты адам» кітапханалық  квилт  ұйымдастырылды. Бұл шараға «Мейіргер ісі» 102 топ білім алушылары – кураторы Шахабаева Ж.Б. белсене қатысты.Кітапханалық квилт – майда құрақ бөлшектерден тұратын ақпараттық стенд. Стендте тақырыпқа сәйкес ақпараттар ұсынылып, оқырмандар  мәліметтермен танысып және   оқыған шығармалары туралы өз пікірлерін түрлі-түсті стикерлерге жазып бөлісті.   

 
 

Чтобы привить студентам любовь к книгам, объяснить важную роль книг в жизни человека, повысить интерес студентов к книгам, понять, что знания передаются через книги, развивать творческие способности, мышление и нравственность, в центре «Коворкинг» библиотеки Высшего медицинского колледжа госпожи Бопай был организован библиотечный квилт. Студенты 102-й группы «Meirger isi» — куратор Ж.Б. Шахабаева приняла участие в этом мероприятии. Библиотечное одеяло – это информационный стенд, состоящий из небольших частей. На стенде была представлена ​​информация по теме, читатели знакомились с информацией и делились мнением о прочитанных произведениях на красочных стикерах.

 

 

Оқуға құштар адам – табысты адам.

2025 жылдың  сәуір айында Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кітапханасында  «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітапты бірге оқимыз» тақырыбында кітапханалық библио-кросс өтті. Кросс мақсаты: жас ұрпақтың бойына Отансүйгіштікті, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға ықпал ететін қазақ жазушылардың шығармаларын дәріптеу. Іс-шарада жас оқырман оқыған кітаптарын баяндап, бір-біріне ұсынып, алған әсерлерін ортаға салды. Библио-кроссқа 101 «Мейіргер ісі» тобының білім алушылары  кураторы Агатаева Т.Б. белсене  қатысты.

 
 

В апреле 2025 года в библиотеке Высшего медицинского колледжа имени госпожи Бопай в рамках проекта «Колледж стремящийся учиться» прошел библиотечный библиокросс на тему «Прочитаем книгу вместе». Цель Креста: прославить произведения казахских писателей, способствующие формированию патриотизма и любви к Родине у подрастающего поколения. На мероприятии юные читатели рассказывали прочитанные книги, дарили их друг другу и делились впечатлениями. Агатаева Т.Б., куратор учащихся группы «Мейргер иси» 101, к библиокроссу. активно участвует.

 

  • All
  • Кітапхана
«Кітап – сарқылмас рухани қазына» әдеби кейс

11 ноября, 2025

07 қараша күні колледж кітапханасында «Қазына» жас оқырмандар клубының ұйымдастыруымен 105 «Мейіргер ісі», 108 «Емдеу ісі» топ студенттерінің қатысуымен «Кітап – сарқылмас рухани қазына» әдеби кейс өткізілді.        Іс-шараның мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының шығармаларын насихаттау. Кейс әдісіне 2025 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел болып оқуға ұсынылған, әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасын қалдырған жазушы  Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығына арналды.

«Қалам сынағы» байқау

11 ноября, 2025

Оқуға құштар колледж” жоба аясында   «Мейіргер ісі» мамандығының  101,102 топ, және «Емдеу ісі» 114 топ  білім алушыларының  қатысуымен «Қалам сынағы»  әдеби центон байқауы өтті. Әдеби центон  Республикалық «Бір ел — бір кітап» акциясымен ұштастырылды. Шараға    2025 жылы ел болып оқитын кітапты таңдау барысында қазақ әдебиетінің поэзия және проза жанрынан екі авторды оқуға шешім қабылдады. Проза жанры бойынша көпшілік дауыспен ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен...

«Кітапханашы — демек креативті» атты тақырыпта кітапханада өзін – өзі басқару күні өткізілді.

11 ноября, 2025

Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгінін ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан — ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол – кітапханашы. ҚР Үкіметінің 2022 жылы 18 қазан №833 қаулысымен «24 қазан- КІТАПХАНАШЫЛАР күні» болып бекітілді. «Қазына» оқырмандар клубының мүшелері мен  323 «Емдеу ісі» тобының білім алушылары бірлесе отырып,кураторы Н.Асылхан 23 қазан  күні колледж...