Кітапхана – білім беру жүйесіндегі ақпарат орталығы

Бопай ханым жоғары колледж кітапханасының кітап қорын оқулықтар, оқу-әдістемелік, көркем әдебиет, мерзімді басылымдар және электронды оқулықтар құрайды. Кітапхана қоры колледж бағытына сәйкес толықтырылып отырады. Колледж кітапханасы – қашан да студент –жастар, оқытушылар үшін білім, мәдениет, ақпарат орталығы болып табылады. Еліміздің болашақ жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу және білімді жастарды дайындауда көмектесу, оларды салауатты өмір салтымен жүруге жол ашу, ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру кітапхананың басты міндеті.
Колледждің кітапханалық қорын қалыптастыру оқытушылар құрамы жасаған ұсыныстары негізінде және ҚР, РФ баспаларынан жыл бойы келіп түсетін Прайс-парақтарды арқылы жүргізіледі. Кітапхана «Эверо», «ГЕОТАР-НС», «РМЭБ», «Фолиант», «Арман ПВ», «Мектеп», «Бастау», «Ақнұр», «Қазақ университеті», «Феникс», «ЮРАЙТ» және т.б баспаларымен тығыз байланыста.
Колледж кітапханасында оқырмандарға жедел қызмет көрсету мақсатында «КАБИС» электронды бағдарламасы және «Заң» ДБ жұмыс істейді. Сонымен қатар кітапханада алфавиттік, жүйелік каталогтар бар, сонымен қатар кітапхана каталогтарының сапасын жақсарту үшін әр түрлі бөлімдер бойынша ӘОЖ жүйелендіріледі.

  • All
  • Кітапхана
«Ақындар жырлаған туған өлке» атты әдеби қонақ үй өтті.

12 апреля, 2024

Үстіміздегі жылдың 12 сәуірінде Бопай ханым жоғары медицина колледж «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 101 «Мейіргер ісі» тобының білім алушыларының және №3 қалалық кітапхана ұжымы қызметкерлерінің қатысуымен «Ақындар жырлаған туған өлке» атты әдеби қонақ үй өтті. Кеш қонағы өлкемізге танымал, ҚР Құрметті азаматы, Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі ақын- журналист, сазгер, 2024 жылғы Жаңа Қазақстанның Жыл Адамы Аймаханова Гүлсамал Төрединқызы. Гүлсамал Төрединқызы 1962 жылы…

Колледж кітапханасында 7-сәуір дүниежүзілік денсаулық күніне арналған шара өтті.

5 апреля, 2024

Жыл сайын бүкіл әлемде 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтіледі. Бұл мереке 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (World Health Organization, WHO) құрылуына орай пайда болды. Мерекенің өзі 1950 жылдан бастап адамдардың физикалық және психологиялық денсаулығының маңыздылығын түсінуі үшін атап өтіледі, ал мемлекеттік ұйымдар медициналық салаға көбірек уақыт пен көңіл бөледі. Денсаулық күніне орай Бопай ханым атындағы жоғары медициналық колледж кітапханашылары және №3 қалалық кітапхана қызметкерлерімен бірлесе…

Колледж директоры кітапханаға кітаптар силады.

16 марта, 2024

📚Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кітап оқу мен кітапханаларды қолдау қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін айрықша атап айтқаны баршамызға белгілі. Мемлекет басшысының осы бағыттағы тапсырмасына сәйкес «Кітап оқитын мектеп – оқитын ұлт» жаңа жобасы қолға алынып, іске асырыла бастады. 🔹Колледж кітапханасының қорын толықтыру, жастарды оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған акция – «Кітапханаға кітап сыйла!»…