«Кітапханашы — демек креативті» атты тақырыпта кітапханада өзін – өзі басқару күні өткізілді.

Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгінін ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан — ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол – кітапханашы. ҚР Үкіметінің 2022 жылы 18 қазан №833 қаулысымен «24 қазан- КІТАПХАНАШЫЛАР күні» болып бекітілді.
«Қазына» оқырмандар клубының мүшелері мен  323 «Емдеу ісі» тобының білім алушылары бірлесе отырып,кураторы Н.Асылхан 23 қазан  күні колледж кітапханасында «Кітапханашы- демек креативті» атты өзін-өзі басқару күні өткізді.

Іс — шараның мақсаты: кітапханашы кәсібін, оқырмандарға қызмет көрсету, кітаптарды орналастыру, QR кодпен жұмыс жасау керектігін ұғындыру, жас ұрпаққа жаңашыл кітапхананың, кітапханашы жұмысының қыр — сырын насихаттау .
 Студенттер кітапханашының орнын ауыстырды, кітапхананың ішінде студенттер емін-еркін жағдайда кітапхананың жұмысын өздері атқарып көрді. Бұл іс-шара студенттерге қызықты және пайдалы болды, деп ойлаймыз.