2024 жылдың 21 қазанында “Оқуға құштар колледж” жоба аясында Бопай ханым жоғары медициналық колледж кітапханасында «Кітапханашы — демек креативті» атты тақырыпта кітапханада өзін – өзі басқару күні өткізілді.
Кітапхана — дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. «Кітап — білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың колледжде алар орны орасан зор.
Егер кітапханада адамға деген жылы шырай танылмаса, ол кітап тарататын және кітап сақтайтын жерге айналады.
Кітапханашының ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы тиіс. Кітапханашының ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын оқырмандарына анық, тұжырымды дәл айтып түсіндіре білуі шарт. Кітапханашы өз оқырмандарына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым олармен әдептілік қарым- қатынаста болғаны жөн. Әрбір кітапханашы мамандығын өміріне серік етіп рухани байлыққа кенеліп, өзгеге қуаныш сыйлап, өзін ғасырдан ғасырға жеткен асыл қазынамыздың қожайыны.