2024 жылғы 14 ақпан күні Бопай ханым жоғары медициналық колледж кітапханасында “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Қалам сынағы» тақырыбында поэтикалық центон өткізілді.
Центон — әдеби ойынның бір түрі, оқырманға белгілі бір немесе бірнеше ақындардың өлеңдерінен жаңа өлең құрастыру болып табылады.
Жасөспірімдердің шығармашылық ойлауы мен сөйлеуін, мәдени дүниетанымын дамыту мақсатында өткен ойынға № 120 «Емдеу ісі» тобының студенттері қатысты. Студенттер поэтикалық центонның негізгі ережелерімен танысып, М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Ф.Оңғарсынова, Ә.Тәжібаев, Ж.Нәжімединов, М.Жұмабаевтың шығармаларындағы өлең жолдарынан центон құрастырып оқыды.
Поэтикалық центон студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырып, Жақынбаев А, Ақылбекұлы С., Шегебай Ә., Шегербаев А., Шақбергенова Д., Жолдыбаева А., Нұржанова М., Есіркепова Д., Қалиева Б сынды студенттер ерекше белсенділік танытты. Центон ойыны студенттер үшін өте жақсы, өйткені олар қазақ ақындарының шығармаларына негізделгендіктен, студенттер өлең жолдарын қай ақыннан алғанын жақсы есте сақтайды. Сондай-ақ, центонды ойлап табу тапсырмасы поэтикалық есту қабілетін дамытады.