«Кітапты бірге оқимыз» тақырыбында библио-кросс өтті.

Жылдың 19 сәуірінде Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітапты бірге оқимыз» тақырыбында кітапханалық библио-кросс өтті. Кросс мақсаты: жас ұрпақтың бойына Отансүйгіштікті, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға ықпал ететін қазақ жазушылардың шығармаларын дәріптеу. Іс-шарада жас оқырман оқыған кітаптарын баяндап, бір-біріне ұсынып, алған әсерлерін ортаға салды. Библио-кроссқа 118 «Лечебное дело» тобының білім алушылары Кульжанов Иран, Калмуратов Жасұлан, 101 «Мейіргер ісі» тобының білім алушысы Бөлекова Айым, 112 «Емдеу ісі» тобыны білім алушысы Мұратқызы Индира және 206 «Емдеу ісі» тобының білім алушылары белсене қатысты.