Колледж атауы неліктен Бопай ханым атына берілді?

💬Ата-бабамызды сан ғасырлар бойы ізгілікке тәрбиелеген ұлттық дәстүріміз келер ұрпақ үшін де мың жылға жетерлік рухани азық болмақ. Алайда, жоғалтарымыз көбеймесін десек, «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген ұлттық ұстанымды берік ұстайық деген мақсатта Баишев жоғары медициналық колледжінің атын Бопай ханым деп өзгертуінде үлкен мән жатыр. Оқу орнымыздың 90%-ы қыз балалар, ал Бопай ханым есімі студенттеріміз үшін үлгі есебінде.

🔸Бопай Ханым — Әбілқайыр ханның зайыбы, ел басқару ісіне араласқан асқан сұлу, өте ақылды, ержүрек қайраткер, аузы (сөзі) дуалы мәмілегер. Бопай ханым алғыр, сауатты, сұлулығы мен ақыл­дылығы ерекше саясаткер болған. Бопай ханым әуелі, қазақтың қызы. Қазақ Анасында болатын ізет, иба, кішіктіктің бәрі бар еді. Қайтседе ерінің атын оздыруға деген құлшынысты, талапты да бойына жинаған.

✨Бопай ханым ханның меймандарына қошемет көрсете отырып, олардың халық тағдырын қозғаған пікірлеріне де құлақ түріп, арасында ой сабақтап, ел басқаруға да атсалысып отырған өз заманының зерделі де зерек, ақылды да алғыр адамы болған. Ханмен де, қарамен де, жатпен де, жақсымен де тіл табысып кететін ханымның осы мінезін үлкен де, кіші де қадір тұтып, ұдайы құрметтеген. Сол арқылы ханның беделін биіктетіп, абыройын асырып отырған.

📌Бопай ханым — шын мәнінде айтуға тұрарлық, мақтан етерлік тарихи тұлға.