Колледж белсенділері «ProAktiv» волонтерлік жобасының семинар-тренингіне қатысты

🔹2023 жылдың 10 қараша күні Ішкі саясат басқармасы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «ProAktiv» жобасы аясында белсенді жастарға волонтерлік дағдыларды үйрету, халықтың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешу үшін еріктілермен салааралық өзара іс-қимылын кеңейту мақсатында семинар-тренинг өтті.

💬Семинар-тренингке Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің қоғамдық клуб белсенділері Абугалиев Алишер Ергалиевич — «Ашық жүрек» ұйымы, Жазылбекқызы Гүлім – «Еркін сөз» ұйымы, Байғонқызы Нұрайханым – «Студенттік кеңес» ұйымы, Болатжанқызы Айгерім – «Адал ұрпақ» ұйымы, Сабитова Айнара Олжасовна — «Сырғалым» ұйымының мүшелері қатысты.