Колледждің педагогикалық ұжымын, ата-аналар мен студенттерді, әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілерді 5 жыл мерзімге «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтаймыз!
📄Колледж институционалды және мамандандырылған халықаралық аккредиттеуден 5 (бес) жылға сәтті өтті. Бұл колледждің ең жоғарғы стандарттар бойынша жұмыс істейтінін білдіреді.
📊Колледждің жұмысын Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік «Орталық-Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығы» ЗТБ бағалады. САААЕ стандарттары «Орталық-Азия білім жүйесін аккредиттеудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша стандарттар мен нұсқаулықтарға» сәйкес әзірленген.
🔸Бағалау критерийлері білім беру бағдарламаларының мазмұны, оларды әзірлеу мен тиімділігі, оқу процесін ұйымдастыру, тыңдаушылардың оқу үлгерімі, оқытушылар құрамы және оқыту тиімділігі, қолда бар ресурстар және осы секілді өзге де параметрлерді қамтиды. Аккредиттеуден өту білім беру сапасын растаудан бөлек, нарықтың сенімін де күшейтеді.
🏢Колледжге аккредиттеуден өткені туралы куәлік беру мақсатында САААЕ мамандары бірнеше күн Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде болды: басшылықпен, қызметкерлермен, жұмыс берушілермен, түлектермен және тыңдаушылармен сұхбаттасып, оқу және материалдық-техникалық базамен танысты, сондай-ақ оқу бағдарламаларына кешенді баға берді.
🔹Айта кетейік, институционалды аккредиттеуден өту шарасы ҚР «Білім беру туралы» заңымен реттеледі.