Колледж кітапханасында 7-сәуір дүниежүзілік денсаулық күніне арналған шара өтті.

Жыл сайын бүкіл әлемде 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтіледі.
Бұл мереке 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (World Health Organization, WHO) құрылуына орай пайда болды. Мерекенің өзі 1950 жылдан бастап адамдардың физикалық және психологиялық денсаулығының маңыздылығын түсінуі үшін атап өтіледі, ал мемлекеттік ұйымдар медициналық салаға көбірек уақыт пен көңіл бөледі.
Денсаулық күніне орай Бопай ханым атындағы жоғары медициналық колледж кітапханашылары және №3 қалалық кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып, Бопай ханым жоғары медициналық колледж ұстазы,кәсіби маман,денсаулық сақтау мамандығының үздігі,еңбек ардагері Ахметкиреева Гульбану Ибраевна және №4 қалалық поликлиника дәрігері,психолог Асанова Анар Сапарғалиқызымен 301 «Мейіргер ісі» тобының білім алушыларының қатысуымен ,салауатты өмір салтын сақтау және насихаттау мақсатында кездесу өтті.