Колледж кітапханасында «Әдеби шығарма мен оның кейіпкерлерін талқылау» тақырыбында әдеби сот іс шарасы өтті.

2024 жылдың 23 сәуірі күні Бопай ханым жоғары медициналық колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Әдеби шығарма мен оның кейіпкерлерін талқылау» тақырыбында әдеби сот іс шарасы өтті.
Өткізілген іс-шарада Мұхтар Шахановтың «Шың басындағы оқиға» шығармасына талдау жасалып әдеби сот жүргізілді. Шығарманың негізгі идеялық мазмұны сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерді қамтылып,әдеби сотта талқыланды.
Шараға 115 «Емдеу ісі»тобының білім алушылары сот талқылауында өнерлерін көрсетіп, ерекше белсенділік танытты.
Сот отырысын елестететін рөлдік ойында білім алушылардың арасында басты рөлдер бөлінді.
Сот – Рахметова Әсемгүл
Айыптаушы – Данабаева Гаухар
Қорғаушылар – Сүйеубаева Еркеназ,Сағын Әлішер,Симағанбетова Әлия, Қуанышбай Кеулімжай.
Іс – шара өз дәрежесінде қызықты да көңілді өтті.