Колледж кітапханасында «Ақпарат әлеміндегі кітаптың рөлі» тақырыбында әдеби печа – куча іс шарасы өтті.

2024 жылдың 16 сәуірі күні Бопай ханым жоғары медициналық колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Ақпарат әлеміндегі кітаптың рөлі» тақырыбында әдеби печа – куча іс шарасы өтті.
Печа – куча іс шарасының түрі Жапониядан келген кітапханалық іс шараның түрі. Шара барысында қатысушылар шығарма туралы қысқаша мәліметтер дайындап презентациялар жасайды.
Шараға 315 «Емдеу ісі» және 110 «Емдеу ісі» білім алушыларымен бірлесе отырып, кітап туралы қысқаша слайд дайындап презентациялар көрсетілді, әр сөз сөйлеушіден кейін топ білім алушылары өз пікірлерімен бөлісіп сұрақтар қойды.
Печа – куча форматы студенттерге дәстүрлі әдістерге қарағанда шығармашылық еркіндік береді, сондықтан іс шара қызықты болды. Іс шараның жаңа дәстүрлі немесе формасы кітапты насихаттап, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырады.