Колледж кітапханасында «Ақылдылар мен алғырлар» атты әдеби- ойыны өткізілді.

Ағымдағы жылдың 15 наурызында Оқуға құштар колледж жобасы аясында Бопай ханым жоғары медициналық колледж кітапхана қызметкерлерімен және №120 «Емдеу ісі» тобының білім алушылары Ақылбекұлы С.,Бисембайқызы Ж.,Аппаз Б.,Жолдыбаева А., Шегебаев Ә., Шыңбергенова Д.,Шегербаев А.,Өткелбай А.,Ерсайнова М біріге ұйымдастырылған «Ақылдылар мен алғырлар» атты әдеби- ойыны өткізілді.

Мақсаты: Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қазақ халқының әдет-ғұрпын дәріптей отырып , тіліміз бен дінімізді құрметтеуге, ынтымақтыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Оқушыларды ауыз әдебиетін оқуға ынталандыру, білім деңгейін арттыру, оқыған материалдарын ойға жинақтауға үйрету, шығармашылық ізденісін байқау, шығармашылық қабілетін іс-жүзінде шыңдау,ұтқыр ойға, ұтымды жауап беруге дағдыларын қалыптастыру.