Бопай ханым жоғары медицина колледж «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Еркін микрофон» кітапхана пәтері өтті.
Мақсаты: кез келген оқырманның өзі оқыған кітабы жайында ойын еркін, толыққанды әңгімелеуіне, басқалармен бөлісуіне мүмкіндік жасау.
Қазақ және шетел авторларының кейбір көркем әдебиеттеріне қысқаша шолу жасау, танымал кітаптарын оқуға ұсыну.
Шараға қатысқан №402 «Мейіргер ісі», №223 «Емдеу ісі» және № 203 «Мейіргер ісі» топтарының білім алушыларына «Жалпы білім беру әлеуметтік-экономикалық пәндер» оқытушысы Сембаев Берік Ерланұлы С.Сейфуллиннің Дәуір ұранына сәйкес қазақ топырағында тарихи-революциялық тақырыпқа барған тұңғыш роман «Тар жол тайғақ кешу», Қуаныш Шонбайдың “Екінші болма” деп аталатын өзі оқыған кітаптары жайлы әсерлі әңгімелеп берді. Мотивация – адамға өзі жақсы көрер істі бастауға берілетін шабыт. “Екінші болма” кітабы – автордың ізденістері, жинаған тәжірибелері мен жеткен жетістіктерінен туған қайталанбас туынды. Берік Ерланұлы осы шығармаларды білім алушыларға оқуға кеңес берді және қызығып.өойылған сұрақтарына толық қанды жауап берді.Кеш әсерлі өтті.