🔸Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің оқытушылары Жалпы әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушылары Ж.М.Бейжігітова мен Б.Жумабаев мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру және оқушыларды, ата-аналарды мамандық бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдауға арналған жоспарға сәйкес Ф.Оңғарсынова атындағы мектеп-гимназиясының 9-11 сынып түлектері мен ата-аналарымен кездесу өткізді.
🔹«Мамандық таңдау — болашақты таңдау» тақырыбында өткен ашық есік күнінде колледж оқытушылары оқу орнында оқытылатын мамандықтар туралы баяндама жасап, буклеттер таратты.