КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫ «SMART BILIM» МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ТҮЛЕКТЕРІНЕ КӘСІБИ-БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗДІ
🔸Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің оқытушылары дәрігер-хирург, арнайы пән оқытушысы Е.Н.Ізденұлы, Жалпы әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушылары, қабылдау комиссиясының техникалық хатшылары Д.С.Жиенгулова мен А.К.Мухтарова мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру және оқушыларды, ата-аналарды мамандық бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдауға арналған жоспарға сәйкес Батыс-2 ықшам ауданында орналасқан «Smart BILIM» мектеп-гимназиясының 9-сынып түлектері мен ата-аналарымен кездесу өткізді.
🔹«Мамандық таңдау — болашақты таңдау» тақырыбында өткен ашық есік күнінде колледж оқытушылары оқу орнында оқытылатын мамандықтар туралы баяндама жасап, буклеттер таратты.