“Өрлеу” БАҰО филиалының ұйымдастыруымен 29 ақпан күні, сағат 15.00-те өткен “Әке — асқар тау, биік шың” атты әкелер форумына Баишев білім корпорациясының “Тағылым” күміс еріктілер клубы төрағасының орынбасары Нұрлан Ізденұлы ЕСЕНҒАЗЫ “Ер бала тәрбиесіндегі әке рөлі” тақырыбы бойынша баяндама жасап, Ақтөбе қаласының әкімі А. Бекеттің Алғыс хатымен марапатталды.
Ер бала тәрбиесіндегі әке қандай болу керек? Әке деген тек ақыл айтумен шектелмеу керек. Ақыл айтқан сөздері, атқарған істеріне сай болып, ұлына үлгі көрсету керек.
“Жігіттің жақсысы өзіде сөзге тоқтай білген, өзгені де сөзге тоқтата білген” Әйтеке би.
“Ұлды тоқшылық, Қызды жоқшылық бұзады”.
“Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер”!
- Бала тәрбиесімен бала іште жатқаннан бастап айналысу керек. Жүктілік 9 ай, 9 күн деп айтамыз. Тоғыз саны – тоғыз ай, тоғыз күнге тікелей қатысты. Бала ана құрсағында тоғыз ай, тоғыз күн жатып туылады. Қазақ тәмсілінде «Тоғыз қатынның толғағы бір сәтте келіпті» деген сөз тіркесі бар. Бұл сөздің тіке мағынасынан гөрі ауыспалы мағынасы үстем орнында қолданып келеді. Қат-қат жұмыстардың, үсті-үстіне үймеленген істердің қатты қарбаластығын меңзейді. Бұл жерде де «Тоғыз санын» ұтымды пайдалана білген.
- Азаматтың жақсысын егіз қырлы, бір сырлы деп айтамыз. Осы сегіз қырлы дегеніміз: Тектілік, Бекзадалық, Көңілдің ашықтығы, Мәрттік, Ілім мен білім, Батырлық Байлық, Парасаттылық.
Ал бір сырлы дегеніміз имандылық.
Жігіт сегіз қырлы болғанымен имансыз болса халыққа пайда әкелмейді екен.
Сондықтан сегіз қырлы, иман жүзді азаматтар көп болсын! - Қазақ халқында тоғыз деген қасиетті сөз бар.
«Білгенің тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз! деп айтамыз.»
Осы тоғыз сөздің мағынасын ата — ана жаттап алып, ұрпақтарына түсіндіріп отыруы керек.
Қазақ тілінде Алла, Қазақ, Ата, Ана, Аға, Апа, Іні, Нан, Ауа деген сөздер қалай оқысаңда мағынасын жолатпайды.
Бұл Құдайдың құдіреті. Қазақ ұлттының дәрежесі. Қазақ халқының маңдайына жазылған Алла тағаланың нығметі. Осы тоғыз сөздің мағынасын ұрпаққа үйретіп отырсақ, түсіндірсек, жастар сегіз қырлы, бір сырлы болады.
Тоғыз сөздің мағынасын түсінген адам тоқсан тоғыз Алланың көркем есімдерін өздері тауып алады. - Үш тұғыр: тіл, діл, дін. Қазақ тілі, әдебиеті, тарихы. Діл — Тәуелсіз Қазақ Елінің салт — дәстүрі, әдет — ғұрыпы. Дін — дәстүрлі дініміз. Тәуелсіздік тұғырым, салтым — санам, дәстүрім — дәулетім, әдетім — әдебім, ғұрпым — ғұмырым деп айтамыз!
- Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой дамытуға арналған ойыны. Әкесі ұлымен жиі тоғызқұмалақ ойнап тұрса, ұл бала талантты болады.
«Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді» деп
Төле би атамыз айтқандай әкесі өзі білмесе білетін ағасын, көкесін, атасын, ауыл ақсақалын, ауылдың қазақ билер ақылдасу алқасын үйге шақырып, не ұлын ертіп барып, ақылдасып, батасын алу керек.