КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫСЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ №56 МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ КӘСІБИ-БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗДІ.

КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫСЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ №56 МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ КӘСІБИ-БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗДІ

🔸Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің оқытушысы А.А.Алмагамбетова және студенттері мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру және оқушыларды, ата-аналарды мамандық бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдауға арналған жоспарға сәйкес 12 мөлтек ауданында орналасқан №56 жалпы білім беретін орта мектебінің 9-11 сынып түлектері мен ата-аналарымен кездесу өткізді.

🔹«Мамандық таңдау – болашақты таңдау» тақырыбында өткен ашық есік күнінде колледж оқытушылары оқу орнында оқытылатын мамандықтар туралы баяндама жасап, буклеттер таратты.