Колледж оқытушысы мен студенттері кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша Темір ауданы мектептеріне барды.

Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары м.а. Д.А.Куанышбаев пен мектеп түлектері Г.Набиоллақызы, А.А.Құрмансейіт және А.Б.Муратова Темір аудандарының @kenkiyak__om @sarykol_zhobb_mektebi @shubarshi_mektep @shubarshiom мектептеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру және оқушыларды, ата-аналарды мамандық бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдауға арналған «Мамандық таңдау — болашақты таңдау» тақырыбында өткен ашық есік күнінде оқу орнында оқытылатын мамандықтар туралы баяндама жасап, буклеттер таратты.