КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫСЫ «ҮЛГІЛІ КЕЛІН-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Ағымдағы жылдың 20 қазан күні Ақтөбе облысының балалар мен жасөспірімдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Үлгілі келін-2023» жас келіндер байқауы өтті.
Байқауға колледжіміздің «Арнайы пәндер-1» ЦӘК бірлестігінің төрайымы, оқытушы Қамшыбекова Наргиз Әбутәліпқызы қатысып, бақ сынады.

Қазылар алқасының шешімімен Н.Ә.Қамшыбекова жүлделі ІІІ орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.