Колледж құрамасы Ақтөбе қаласының 155 жылдығына арналған футболдан жүлделі орынға ие болды.

Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай, қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қала жастары арасында шағын футболдан тұңғыш рет қала әкімінің ауыспалы кубогы сарапқа салынды.

Турнирдің мақсаты – қала жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жастарды спортпен белсенді айналысуға шақыру, жастар арасында шағын футболды насихаттау және бұқаралық спортты дамыту.

Шағын футболдан өткен турнирде Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің құрамасы жүлделі ІІ орынға және қаржылай 70000 (жетпіс мың) теңгелік сертификатқа ие болды. Жас спортшыларымызды жеңісімен құттықтап жаттықтырушысы Аймағанбетов Бақтиярға алғысымызды білдіреміз!