КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ АТАНДЫ

28 желтоқсан күні Ақтөбе жастары орталығының ұйымдастыруымен қала әкімі Азамат Бекеттің төрағалығымен Ақтөбе қаласы әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Кеңес отырысында қалалық «Жыл үздігі-2023» байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің белсенді студенті, «Еркін сөз» дебат клубының мүшесі Нарғалиев Бақыткелді Аралбайұлы «Үздік студент» номинациясымен марапатталды. Бақыткелдіге қала әкімі А.Бекет төсбелгі мен 200 000 теңге қаржылай сертификатын табыстады.

Бақыткелдіні жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!