«Геолог» Мәдениет үйі, облыстық «Шолпы»қоғамдық қоры мен «Қазақ аналары — дәстүрге жол» Ақтөбе облыстық филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай дәстүрлі түрде өткізіліп отырған «Бұрымды Ару- 2024» байқауы өтті. Байқауға Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің «Акушерлік іс» мамандығының 125 топ студенті Аманжолова Аружан қатысып, ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.
Аружанды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуы мен бағындырар белестері көп болсын!