КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ «DAULETTEN» ҚҚ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ СТИПЕНДИЯ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

✨Ағымдағы жылдың 25 сәуір мен 13 мамыр аралығында «Dauletten» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ҚР-дағы колледж және жоғары оқу орындарында оқитын үздік студенттерді әлеуметтік жағдайына байланысты қаржылай қолдау, олардың заманауи қоғамдық талаптарға сай дағдыларын дамыту мақсатында «Білімнің жұлдызы-2024» байқауына колледждің 7 білім алушылары қатысты.

🔸Байқау жеңімпаздарын анықтауда студенттердің оқу үлгерімі, әлеуметтік жағдайлары және байқау аясында өткен бірыңғай тест көрсеткіштері ескерілудің нәтижесінде Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің «Емдеу ісі» мамандығының 3 курс студенті Үсен Айзат үздік деп танылып, 100 000 теңгелік шәкіртақыға ие болды.

🔹Айта кетейік, Айзат республикалық байқаудың қорытындысы бойынша үздік 10 колледж студенттеріне енді.