Колледж студенттері «ADAL URPAQ» шарасына қатысты.

📃Елінің қамын ойлаған жігітті Елі ешуақытта қиын жағдайға қалдырмайды.

🗓️ 4 мамыр күні Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен, Ақтөбе қаласы полиция басқармасының атсалысуымен, Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастаруымен
«ADAL URPAQ» атты жастармен кездесу өтті.

✅Спикерлер:
Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі — Әсет Қалиев, «Ер-Бақыт» спорттық клубының төрағасы, ҚР Ауған соғысы ардагерлерінің орталық кеңесінің төрағасы — Марат Қойлыбаев, М-1жеңіл салмақтағы чемпион, ММА жауынгері — Сергей Морозов қатысты.

📌Кездесудің мақсаты — жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жастарды қоғамға тарту және қоғамымыздың алдында тұрған өзекті және әлеуметтік маңызы бар мәселелердің бірі кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықты алдын алу және жастардың бойында патриоттық сезім мен рухани тәрбиені қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Сонымен қатар, нашақорлықтың алдын алу, буллинг пен лудоманияға қарсы иммунитет қалыптастыру. Жастарымыз қауіпсіз қоғамда бақытты өмір сүруге барынша ықпал ету.