Колледж студенттері «Әлия» мемориалды музейінде Ұлы Жеңіске арналған шараға қатыты.

🎖️Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде Ұлы Жеңіске – 79 жыл толуына орай «Батырлар ерлігі – ұрпаққа өнеге!» ақтөбелік Кеңес Одағының Батырлары, ІІІ дәрежелі Даңқ орденінің иегерлері мен майдангерлерінің ұрпақтарымен салтанатты шара өтті.

🎖️Салтанатты шарада батырлардың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып, Ақтөбе облыстық филармониясының әншісі Мейірбек Тәжіғұловтың орындауында «Қазағым қасиетіңнен айналайын» және «Арай» өнер мектебінің оқушысы Мадияр Мырзагереевтің орындауында «Отан» әні шырқалды. «Әлия» әні орындады. Сондай-ақ С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-өнеге» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу өткізіп, оқырмандар қауымына Ұлы Отан соғысына байланысты әдебиеттер ұсынды.
Сонымен қатар, ақтөбеліктердің елеулі үлестері туралы мәлімет берілді. Кітапхана оқырмандары «Батыр аға бейнесі», «Майдангерлер келеді» және т.б. өлеңдерін оқыды.

🎖️Шара «Батырлар Алаңына» гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.