Колледж студенттері Ақтөбе қаласының көрікті жерлеріне 2 күндік «Open air» туристік саяхат жасады.

24 мамыр күні Ақтөбе қаласының 155 жылдық мерейтойына орай, Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Open air» атты 2 күндік туризм бағытындағы іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты — ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың тарихи – мәдени орындарды көрсету арқылы олардың бойындағы отансүйгіштік сезімдерін ояту, тарихын білуге үйрету, шығармашылық қабілеттер мен жеке оң қасиеттер, тұлғалық, зерттеушілік дағдыларын дамыту және құқықбұзушылықтың алдын алу.

Шараның бірінші күні жастар Ақтөбе қаласының тарихынан сыр шертетін көрікті жерлерімен танысты.
Белсенді қала жастары Ислам бұлағы, 41-ші жол айрығындағы Қарағай алқабы және Асыл су бұлағының тарихымен танысты.

Шаһарымыздың тарихынан сыр шертетін көрікті жерлермен қала жастарын таныстырып, ақпарат берген @erkeban_aimuratuly ұжымына алғыс білдіреміз!

@aqtobe_saiasat
@aqtobe_ishki_sayasat_bolimi
@alibekbaineshov
@mirkhan_yermaganbetov
@jasaqtobe
@samgat_artigalin