Колледж студенттері Астана қаласына 3 күндік тегін жодамаға ие болды

Ақтөбеде «Жасыл ел» еңбек жасағының ХІХ еңбек маусымы аяқталды

«Жасыл ел» еңбек жасағының ХІХ жұмыс маусымының жабылуына орай ұйымдастырылған салтанатты рәсімге Ақтөбе облысының әкімінің орынбасары Бұлбұл Ораққызы, Ақтөбе облысының құрметті азаматы, еңбек ардагері Сәния Мұсақызы, Облыстық ішкі саясат басшысы Ләззат Аманжолқызы, Ақтөбе облысының депутаты, қоғам белсендісі Марат Айтуғанұлы және «Жасыл ел» штабының өкілдері, еңбек жасағының сарбаздары, ЖОО студенттері мен арнайы оқу орны студенттері, мектеп оқушылары қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Елеусінова Бұлбұл Ораққызы маусымды қорытындылап, жобаның маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Жасыл ел» — жалпықазақстандық қозғалысқа айналған ауқымды жобалардың бірі. Ол жастарды маусымдық жұмыспен қамтып қана қоймай, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятуға баулиды. Біз жастардың бойында экомәдениетті қалыптастырып, саналы тұтынуды қолдайтын, сауатты ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Қоршаған ортаны таза ұстау мәселесін басты назарға алғанда ғана адамзат, болашақ ұрпақтың дені сау болады, табиғатқа қамқорлық артады.

«Жасыл ел» жобасы биыл облыс бойынша 2 мыңға жуық еңбекшіл жастың басын қосты.
Жарты жылда сарбаздар көгалдандыру, аумақтарды, саябақтарды абаттандыру жұмыстарына, тақырыптық іс-шараларға белсене қатысып, экологиялық акциялар ұйымдастырды. Сондай-ақ, құрылыс алаңдарында жұмыс істеді.

Салтанатты шарада жобаға атсалысқан колледждің 4 студентіне Облыс әкімі Шахаров Асхат Берлешұлының атынан алғыс хаттармен марапаттап, Астана қаласына үшкүндік саяхатқа жолдама берді.