Колледж студенттері «Азаттықтың ақ таңы» ескерткішіне тағзым етті.

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты гүл қою рәсімі Батыс-2 шағын ауданында орналасқан «Азаттықтың ақ таңы» ескерткіші алаңында өтіп, оған мемлекеттік мекемелердің, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері және Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің 101 «Мейіргер ісі» тобының студенттері қатысты.

Аз ғана ғұмырында артына өшпейтін мұра тастап, елдің, қара халықтың көзін ашуға барынша тырысып баққан тәуелсіздік алу жолында жан берген ата-бабалаларымыздың ерлігін ұмытпаймыз.

Егемен еліміздің аспанында қыраны қалықтап, көк туымыз биік желбіресін!