Колледж студенттері «ХХІ ғасыр жаңа мүмкіндіктер мен жаңа талпыныстар» республикалық ғылыми конференцияның жеңімпаздары атанды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған «ХХІ ғасыр жаңа мүмкіндіктер мен жаңа талпыныстар» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жаңа мүмкіндіктер» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен Жұлдызбай Мөлдір Амантайқызы, «Адам капиталының сапасын арттыруда әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселесі бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломмен Марат Жаншат Асхатқызы және Алғыс хатпен Шынбаева Асылжан Қыдырғалиқызы мен Қолқанатова Жанель Жандосқызы марапатталды.

Білім көкжиегінде қанаттарыңыз талмасын деген тілек білдіре отырып, білім алушыларды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!