Колледж студенттері «Көп нүкте» ток шоуында қонақта болды.

ӘЛІМЖЕТТІК ЖАСАУ — ӘЛСІЗДІК

🔺Бала әлімжеттікке тап болса, не істеуі керек?
🔺Қоғам болып бұл мәселені қалай шешкен дұрыс?
🔺Психологтар мен инспекторлар не дейді?
🔺Бүгін Амангелді Атабайұлы осы сұрақтарға жауап іздеді.

Әлеуметтік желілерде жасөспірімдер арасында әлімжеттік өте көп орын алуда. Осыған орай, бүгін Қазақстан Ақтөбе телеарнасында жасөспірімдердің виртуалды кеңістікте және отбасы, мектеп, қоршаған ортадағы құқық бұзушылықтың алдын алу және агрессия деңгейін төмендету жолдарын талқылау мақсатында тікелей эфир өткізілді.

Сонымен қатар, Ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Б.Жалекешова заң аясында *әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекісте көзделген 127-2-бап* бар екенін ескертті, яғни кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг, кибербуллинг) жасөспірімдердің заңды өкілдеріне хаттама салу түрінде ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.