👨🏻🎓👩🏻🎓Енді студенттер колледжге алақанды сканерлеу арқылы кіріп-шығатын болады. Сканерлеу 0,3 секундта жүргізіледі. Автоматты түрде алақаны туралы биометриялық ақпаратты базаға енгізіп, арнайы тіркеуден өткеннен кейін, студенттер құрылғыға алақанын көрсетсе, жабық тұрған турникет ашылады. Турникет әр студенттің алақаны мен тамыр суретін танып алады.
✋🏻«Аlaqan» жүйесі Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кіре берісіне орнатылды. Қазір білім ордасында базаға тіркелу аяқталуға жақын.
‼️Кіре берістегі «Alaqan» колледжге бейтаныс тұлғалардың кірмеуіне және қауіпсіздік үшін маңызды. Оқытушылардың да жұмысқа келу және кету уақыты осы алақанды сканерлеу арқылы анықталып, оны колледж әкімшілігі көріп отырады.
💡Ата-ана «Alaqan» қосымшасын телефонына жүктеу арқылы баласының колледжге сағат нешеде кіргенін, нешеде шыққанын бақылап, көре алады. Баланың барлық әрекеттері жөнінде ата-ананың ұялы телефонына хабарлама келеді. Қосымшаны App Store немесе Play Market қосымшаларынан тегін жүктеуге болады.
⛔️ІT мамандар: «Жүйе тек қан айналымы бар жанды алақанды оқиды. Алаяқтық жасап, жүйені алдау мүмкін емес. Базада тіркелген алақан қанша мықты, анық суретке түсірілген, алақанның әрбір сызығы мен кедір-бұдыры толық бедерленген, түрлі түсті принтерден шығарылған болса да, жансыз бейнесін оқымайды»,- дейді.