Колледж студенттері облыстық ұлттық студенттер лигасы тоғызқұмалақтан үш дүркін чемпионы атанды.

2023 жылдың 27-29 қарашасы аралығында «Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББО-ның жылдық жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында Ұлттық студенттер лигасы Тоғызқұмалақ жарысы өткізілді.

Жарысқа оқу орнымыздың студенттері қатысып бақ сынады. Жарыс нәтижесі бойынша, Еламанов Елімхан, Есқайыр Қайсар, Мұратқалиева Ақбота мен Мамшыева Даяна ІІІ дүркін чемпион атанып, республикалық кезеңге жолдама алды.

Жеңімпаз спортшыларымызды жетістігімен құттықтай отырып, жетекшісі Р.Х.Танатаровқа алғыс білдіреміз!