Колледж студенттері қала орталығына 500 түп ағаш отырғызды.

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйек күні “Таза Қазақстан” акциясы аясында, Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, Облыстық “Жасыл ел” штабының атсалысуымен Бопай ханым Жоғары медициналық колледжінің «Емдеу ісі» 115 топ студенттері мен оқытушы Б.Аймагамбетов қаламыздың гүлденуіне өз үлестерін қосып, 11, 12-мөлтек аудандарында,М.Мәметова көшесіндегі “Таза қала” аллеясында “Менің атаулы ағашым” атты экологиялық тал отырғызу акциясын өткізді.

Акцияда жастар 500ге жуық түп тал отырғызып, оларды суарды.