КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚЫ ТАЗЫЛАРДЫҢ ШЫРҒА ТАРТУ САЙЫСЫНЫҢ КУӘСІ БОЛДЫ

12 тамыз күні Ақтөбе қаласының 155 жылдығы мен 14 наурыз – Амал күні мерекесіне орай, Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы мен «Asyl Qazyna» тазы асылдандыру ұйымының бірлесе ұйымдастыруымен және Астана ауданы әкімдігінің қолдауымен Ақтөбе өңірлік қазақы тазылар арасында шырға тарту сайысы өтті. «Емдеу ісі» мамандығының 220 топ студенттері мен кураторы Ғ.Мәжен сайыстың куәсі болды.

Ұлттық құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүрді жаңғыртумен қатар, жеті қазынаның бірі саналатын қазақ тазысының тұқымын өсіруге қызығушылықты арттыру мақсатында өткен сайыста Ақтөбе облыстық «Құмай тазы» федерациясының вице-президенті Жасұлан Жақсылықов алғы сөз сөйлесе, Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Самғат Артыгалин жарысқа қатысушы саятшыларға сәттілік тіледі.

Шырға тартуға қатысқан 20 жуық тазылар екі кезең бойынша сынға түсті.

Алғашқы кезеңде қазылар алқасы жүйрік иттердің дене тұрқына қарап баға берді. Құлағы мен құйрығының ұзындығы, аяқ сүйектерінің орналасуы, тісі мен терісі, төсінің жетілуі сынды әр мүшеге аса мән берді.

Шырға – негізінен құстарды аңға үйрету мақсатында жасалатын дүние. Аңның терісін алып, ішіне шөп, малдың жүні секілді жеңіл заттарды салып жасалады.

Екінші кезеңде жиналған халық ұшқыр тазылардың шырға тарту сайысын тамашалады.