Колледж студенттері ҚР Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінің ашық есік күніне қатысты.

ӘСКЕРИ — ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ЕЛ ЕРТЕҢІ

3 мамыр күні Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінің базасында «Ашық есік» күні өтті.

«Ашық есік» күнінің мақсаты: Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру ісін жетілдіру, өскелең ұрпақтың бойында отанды қорғаумен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Жастарды болаттай берік темірдей тәртіпке төзімді етіп тәрбиелеу.

Іс-шараға Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің студенттері қатысты. Шарада жастар әскери өмірді көріп, әскери киім үлгілерімен, әскери техника және қару жарақ түрлерімен танысты.Таныстыру шараларын өткізу өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты қалыптастыруға, адамгершілікке тәрбиелеуге зор ықпалын тигізді.

Қала жастары әскери қызметшілерге қонақжайлықтары мен жылы қабылдаулары үшін алғыстарын айтып, тілектерін білдірді.

Шара барысында жастарға жеңіс ленталары таратылды.