Колледж студенттері СПИД орталығының мамандарымен кездесті

Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күні жыл сайын 1 желтоқсанда аталып өтеді. Бұл әлемдік ВИЧ/СПИД эпидемиясының таралуын тоқтату қажеттігін еске салатын күн. Осы күнге байланысты колледж студенттеріне 30 қараша күні Облыстық ЖИТС орталығының мамандары Уразалинова Динара Гайнадиновна және Жайлаубаева Айжан Амангалиевна
Матаева Мерует Канатовнамен «АИТВ/ЖИТС мәселесі және оның алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

Санитарлық-ағарту дәрісі кезінде дәрігер-эпидемиолог СПИД-тің пайда болуы, таралуы және белгілері туралы әңгімеледі. Алматы қаласының әкімшлік аудандары бойынша ВИЧ-пен ауыратын адамдардың қай аудандарда көбірек шоғырланғаны туралы диаграммасы көрсетілді. Студенттерге оны жұқтыру, жұқтырмау жолдары туралы мәліметтер берілді.

ВИЧ-тің диагностикасы мәселелеріне аса көңіл бөлінді және қазіргі кезде қандай медициналық мекемелерде сараптама тапсыруға болатыны және олардың мекен-жайлары туралы ақпарат берілді. Кездесу барысында қатысқан студенттерге осы індет жайлы буклет, ақпарат қағазшалары таратылды.