Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Қала келбеті күн сайын көркейіп келе жатқаны оның тазалығына да, байланысты. Студенттеріміздің тазалық мәселесінде мәдениетін көтеру, қалаға жанашыр, көше, ауланы көркейтуге талапшыл жастарды тәрбиелеу назарда.
Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің «Емдеу ісі» 114, 115 және «Акушерлік іс» 125 топ студенттері мен кураторлары Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жасыл Қазақстан» көктемгі екі айлық тазалық акциясына орай қоғамның тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту, табиғатты аялау, тұрғындарға қоршаған ортаны қорғау және оны ластамау мәдениетін қалыптастыру мақсатында колледждің №1,2 және Жатақхана ғимараттарына тазалық жұмыстарын жүргізді.