10 мамыр күні Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының @aqtobejastary ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы көлемінде жарияланған төтенше жағдай кезінде көмек көрсеткен белсенді жастарды марапаттау кеші өтті. Кешке Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің @emdeu_110 студенттері мен директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары м.а. Д.А.Куанышбаев қатысты.
Марапаттау кеші А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің «Номад» фольклорлық ансамблінің «Шаңды жорық» күйімен басталды.
Қала әкімі Азамат Бекет белсенді қала жастарын тәулік бойы көз ілмей, тұрғындарға қызмет көрсеткен еңбектеріне шынайы ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті.
Шараға Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы Анар Нұрлыбекқызы және қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Мәслихат төрағасы төтенше жағдай кезінде аянбай еңбек еткен жастарды марапаттарымен құттықтап, өз алғысын білдірді.
Кеш соңында елімізге танымал әнші, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ибрагим Ескендір «Біргеміз» және «Көк тудың желбірегені» әнін орындады.
Шараға қатысушылар арнайы жайылған дастарханнан ауыз тиіп, жылы лебіздерін білдірді.