Колледж студенттерін қала әкімі Азамат Бекет марапаттады.

✨10 мамыр күні Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының @aqtobejastary ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы көлемінде жарияланған төтенше жағдай кезінде көмек көрсеткен белсенді жастарды марапаттау кеші өтті. Кешке Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің @emdeu_110 студенттері мен директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары м.а. Д.А.Куанышбаев қатысты.

🔹Марапаттау кеші А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің «Номад» фольклорлық ансамблінің «Шаңды жорық» күйімен басталды.

💬Қала әкімі Азамат Бекет белсенді қала жастарын тәулік бойы көз ілмей, тұрғындарға қызмет көрсеткен еңбектеріне шынайы ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті.

🔸Шараға Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы Анар Нұрлыбекқызы және қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Мәслихат төрағасы төтенше жағдай кезінде аянбай еңбек еткен жастарды марапаттарымен құттықтап, өз алғысын білдірді.

🎙️Кеш соңында елімізге танымал әнші, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ибрагим Ескендір «Біргеміз» және «Көк тудың желбірегені» әнін орындады.

🔹Шараға қатысушылар арнайы жайылған дастарханнан ауыз тиіп, жылы лебіздерін білдірді.