Құрылу жылы: 2002 ж.
Меншік нысаны: жеке меншік
Адрес: Ақтөбе қ., А.Иманов к-і, 14В
Сайт: https://bc.edu.kz
Е-mail: college-abuk01@mail.ru
Телефон: 8-(7132) 51-36-00
Бағыты: Медициналық
Оқыту нысаны: күндізгі
Колледж тарихы
«Бопай ханым жоғары медициналық колледжі» – Қазақстан Республикасының білім беру кеңістігінде денсаулық сақтау саласы бойынша жетекші орынға ие, материалдық-техникалық базасы қарқынды дамыған, отандық денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарымен белсенді әріптестік орнатқан заманауи оқу орны.
Оқу орнының тарихы 2002 жылдың 6 ақпанынан басталады. Бұл күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген АА №0000122 мемлекеттік лицензиясы негізінде С. Баишев атындағы Ақтөбе университеті жанынан колледж ашылды.
2012 жылы колледж мемлекеттік қайта тіркеуден өтіп, «С. Баишев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі» ЖШС болып қайта аталды.
2017 жылы 0302000 «Мейіргер ісі» мамандығы және 0302043 «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігі ашылуына байланысты колледж қайта тіркеуден өтіп, «С. Баишев атындағы Ақтөбе университетінің медико-әлеуметтік колледжі» ЖШС болып өзгертілді.
2019 жылғы 16 қаңтарда білім беру ұйымының атауы «Баишев жоғары медициналық колледжі» ЖШС болып өзгерді.
2023 жылдың қараша айында колледж тағы да қайта тіркеуден өтіп, қазіргі атауы —
«Бопай ханым жоғары медициналық колледжі» ЖШС болып бекітілді.
2025 жылғы 25 шілдеден бастап «Бопай ханым жоғары медициналық колледжі» ЖШС жеке заңды тұлға ретінде дербес қызмет атқарады.
Аккредитациялар және мемлекеттік аттестациялар
2019 жылдың 3–5 маусымы аралығында колледж барлық мамандықтар бойынша институционалдық аккредитациядан (АА0172, 14.06.2019–13.06.2024) және келесі мамандықтар бойынша мамандандырылған аккредитациядан өтті:
- 0302000 «Мейіргер ісі» – АВ 2796 (14.06.2019–13.06.2024)
- 0301000 «Емдеу ісі» – SA 1008 (30.12.2020–29.12.2025)
- 0306000 «Фармация» – SA 1009 (30.12.2020–29.12.2025)
Аккредитация органы – «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» КЕАҚ.
2023 жылы колледж Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №11 (04.04.2023) бұйрығына сәйкес Мемлекеттік аттестациядан табысты өтті.
Сондай-ақ колледж 31.05.2024–30.05.2029 жылдар аралығына институционалдық халықаралық аккредитациядан өтті.
Жетістіктері
Бүгінде «Бопай ханым жоғары медициналық колледжі» Ақтөбе облысындағы жетекші оқу орындарының бірі болып табылады.
2021 және 2022 жылдары Қазақстан медициналық колледждері одағы өткізген бағалау нәтижелеріне сәйкес колледж ТжКБ жүйесінің көшбасшылары қатарына енді.
Колледж ұжымы көптеген марапаттарға ие болды:
- ҚР БҒМ Құрмет грамоталары
- Ақтөбе облысы әкімдерінің (Б.М. Сапарбаев, Е.Л. Тожжанов) алғыс хаттары
- Ақтөбе облысы білім басқармасының грамоталары
- Ақтөбе облысы әкімі О. Оразалиннің «Үздік арнайы оқу орны» алғыс хаты
Түлектер
Колледж түлектері Қазақстанның түрлі өңірлерінде табысты жұмыс істеп, еңбек нарығында еркін бәсекеге қабілетті.
Түлектер саны:
- 2019 ж. – «Мейіргер ісі» бірінші рет бітірушілер
- 2020 ж. – 183 («Мейіргер ісі»)
- 2021 ж. – 250 («Мейіргер ісі»), 36 («Фармация»)
- 2022 ж. – 298 («Мейіргер ісі»), 21 («Емдеу ісі»), 25 («Фармация»)
- 2023 ж. – 262 («Мейіргер ісі»), 115 («Емдеу ісі»), 50 («Фармация»)
Мамандықтар
Колледж келесі білім беру бағдарламалары бойынша дайындықты жүзеге асырады:
- 09130100 «Мейіргер ісі»
Біліктілік: 4S09130103 Жалпы практикадағы медбике - 09160100 «Фармация»
Біліктілік: 4S09160101 Фармацевт - 09120100 «Емдеу ісі»
Біліктілік: 4S09120101 Фельдшер - 09130200 «Акушерлік ісі»
Біліктілік: 4S09130201 Акушер - 5AВ09130101 «Қолданбалы бакалавр — мейіргер ісі»
Студенттер контингенті — 2053 адам.
Оқыту тілдері — қазақ және орыс.
Инфрақұрылым және мүмкіндіктер
Колледждің материалдық-техникалық базасы жыл сайын жаңарып отырады.
Симуляциялық орталықтар:
- 2022 жылы профессор Ж.К. Ордабаев атындағы Симуляциялық орталық №1 (8 кабинет) ашылды
- Симуляциялық орталық №2
- Жедел медициналық көмек кабинеті
«Баишев МЕД» клиникасы (2019 ж.) – студенттерге клиникалық дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік береді.
Спорттық инфрақұрылым:
- 2 спорт залы
- бассейні бар спорт кешені
- тренажер залдары
- 250 орындық асхана
Студенттер үйі:
Ақтөбе қ., Маресьев көшесі 76А.
210 орын. Барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Халықаралық және өңірлік әріптестік
Колледж келесі ұйымдармен ынтымақтастық орнатқан:
- Уфа медициналық колледжі (РФ)
- Пекин гипертония және диабет ғылыми-зерттеу институты «Дун Фан»
- Ростов мемлекеттік университеті (РФ)
- Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
- «Байшев Университет»
- Ақтөбе жоғары медициналық колледжі
- Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі
- Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі
2022 жылғы рейтинг нәтижесі бойынша «Байшев ЖМК» жекеменшік медициналық колледждер арасында 1-орын (3 жұлдыз, 191,03 балл) және Қазақстанның медициналық колледждері арасында 7-орын алған.
Басшылық
Қазіргі уақытта колледж директоры –
Жоламанова Шамшырақ Сәдуақасқызы.
