«Колледждің жыл оқырманы» конкурсы

Бопай ханым жоғары медициналық колледжі  №4 М.Горький атындағы қалалық кітапханамен бірлесе  отырып,  ақын Сағи Жиенбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Сыршыл ақын-Сағи» атты портрет кешін өткізді. Осы аталған конкурсқа біздің колледжден «Мейіргер ісі » 223 тобының білім алушылары  Князбаева А., Ыбырайқызы А., Ерболатқызы Н., Шаймардан А., Ақансеріқызы Ж. қатысты.

Конкурс талаптарына сай нәтиже көрсеткен және кітапханадағы өткізілген іс-шараларға өз үлесін қосып,шығармашылық пен белсенділік танытқан үздік оқырмандар Алғыс хатпен  марапатталды.