Колледжішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті

🔸Бопай ханым жоғары мeдициналық колледжінде жаңa оқу жылындағы «Отбасы-тәрбиенің алтын діңгегі» тақырыбында алғашқы колледжішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

💬Жиналыста колледждің ішкі тәртіп ережелері, тәрбие жұмыстарына қатысты жобалар мен қоғамдық, ғылыми, спорттық үйірмелері, күн тәртібі, білім алушылардың даму бағыттары мәселелері қарастырылды. Жиналысқа ата-аналармен қатар, колледж директоры М.С.Нурмаганбетова бастаған әкімшілік мүшелері, оқытушылар мен кураторлары қатысты.

📢Сондай-ақ, жаңа оқу жылында ашылған «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы таныстырылды. Ата-аналарға орталық бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

📌Жиналыс соңында «Жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллинг» тақырыбы аясында топтық ата-аналар сағаты ұйымдастырылды.