Ағымдағы жылдың 02 қазан күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде 2024-2025 оқу жылына арналған старостаттың І отырысы өтті.
Старостат отырыстары оқу процесіне, тәрбие жұмысына, студенттердің сабақтарға қатысуына, студенттің мінез-құлқы мен мәдениеті қағидаларына қатысты мәселелерін талқылау үшін өткізіледі.
Колледж старостаты студенттік бастамаларды дамытуға көмектесу, әкімшілікпен, оқытушылармен және кураторлармен өзара байланысты қолдау үшін құрылған.
Старостат отырысы директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д.А.Куанышбаев пен колледж психологы А.С.Елубаеваның қатысуымен өтті.
Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д.А.Куанышбаев құқық бұзушылықтардың, суицидтің, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша старосталармен әңгіме жүргізді, сондай-ақ студенттердің кешігуі мен сабақтан қалуы туралы тақырыптар қозғалды.