2025 жылдың желтоқсан айында Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кітапханашылары Коворкинг орталығында «Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестиваль тұжырымдамасы жоспарына сәйкес «Күй мен ән- жүрек тілі» атты әдеби кеш ұйымдастырды. Кешке «Емдеу ісі» 108 топ және «Емдеу ісі» 110 топ білім алушылары қатысты.
Кештің басты мақсаты – қазақтың бай музыкалық мұрасын жастарға жеткізу, олардың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өнерді насихаттау және рухани тұрақтылықты нығайту.
Домбыра арқылы жеткізілген күй – көркем тіл, рухани байланыс, әрі үнсіз философия. Күймен сөйлейтін халық – өзінің ішкі жан дүниесін өнер арқылы бейнелей білген ерекше ел. Әрбір орындалған күй – халықтың қуанышы мен мұңын, жеңісі мен армандарын жеткізеді. Әр күйде тарих, тағдыр, сана, тәрбие жатыр. Қазақ күй арқылы қазақты танытқан, домбыра арқылы жүрек тербеген, өнер арқылы ұлтты биікке жетелеген.
