«Курация үйірмесі» ғылыми апталық

Ғылым күніне орай 17сәуір күні Студенттік ғылыми қоғамының «ІІ-студенттік ғылым-ел ғылымының болашағы» атты ғылыми апталығының аясында «Курация» үйірмесінің студенттерімен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университетінде орналасқан «Қалыпты анатомия» кафедрасының анатомиялық мұражайымен танымдық экскурсияға барды.

Қалыпты анатомия кафедрасының жанындағы анатомиялық мұражай 1960 жылдан бастап қызмет етеді. Осы аралықта мұражай университет қабырғасы мен Қазақстанға ғана емес, жақын және алыс шет елдерге де мәлім болды.

Мұражай тарихы 1957 жылы оны құру туралы шешім қабылданған кездегі кафедралық кездесулердің бірінен басталды. Жұмыс жоспары да сол кезде құрылды, кафедраның әрбір қызметкері: доцент В.В. Морозова, ассистент М.Ш. Баширов, Т.К. Ждан, А.М. Гизатуллина, Г.Ф. Лашин, М.Π. Образцова, И.С. Зимник мұражайды ұйымдастыруға белсенді түрде ат салысты.

Ең алғашқы мұражай препараттарын 1959-60 оқу жылында үйірмешілеріміз Г.Ахунова, В.Кокорева, П.Рискин әзірледі.

Негізгі мұражайда ішкі органдар бейнеленген. Көрме шкафтарында 360 табиғи ылғалды препараттар бар, тағы осындай көлемдегі препараттар қоймаларда сақталған. Әр экспонаттың өзінің құрылу тарихы бар, өйткені табиғи препаратты жасау – бұл анатомияны білуді, еңбек сүйгіштік пен табандылықты талап ететін ауыр жұмыс.

2002 жылдан бастап мұражайда профессор А.М.Гизатуллиннің жетекшілігімен студенттерден құралған қалпына келтіру тобы жұмыс жасайды; олардың мақсаты мұражайда бар препараттарды сақтап қалу болып табылады. Алғашқы үйірмеші- реставраторлар 2002-2003 жылдар аралығындағы емдеу факультетінің студенттері М.Досқали (515), Р.Досмағамбетова (112), Е.Гришукова (114), М.Әлиев (106) болды; 2005-2007 жылдары жедел оқытудағы емдеу факультетінің 322 топ студенттері М.Мамышева, М. Кузовкова, И.Хакимов, Ж.Ким, Д. Гаева, А. Таранов өте белсенді жұмыс атқарды.