Кураторлар кеңесінің 1 отырысы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Бопай ханым жоғары медициналық колледжі Кураторлар кеңесінің І отырысы өтті. Кеңес колледждің оқу және тәрбие мәселелеріне арналды. Оған колледж директоры, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ж.А.Айбасова, кураторлар кеңесінің төрағасы М.Ө.Өмірзақова, педагог-психолог А.С.Елубаева, әлеуметтік педагог Ш.С.Жоламанова, медбике және бөлім меңгерушілері мен топ кураторлары қатысты.

Тәрбие жұмысындағы кураторлардың негізгі міндеті-ұлттық сана, мәдениет, парасаттылық, ар-ождан, еңбекқорлықты қалыптастыратын азаматтарды тәрбиелеу. Студенттің жеке басын, мінезін, бейімділігін, қабілетін, өмірлік тәжірибесін, білім багажын, өмірлік перспективаға көзқарасын, әр студенттің тұрмыстық және материалдық жағдайын жан-жақты зерттеу.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, қатысып отырған кураторлардың ұсыныстары мен талаптары назарға алынды. Кеңес соңында 2024 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына Жолдауын талқылады.